Р.Ж. Қондыбаева 2002-2006 ж.аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті Жалпы тіл білімі кафедрасына "Лингвистика" мамандығы бойынша білім алады. 2006-2008 ж.ж. "Тіл теориясы" мамандығы бойынша магистратураны оқып, үзді аяқтайды. 2008-2011 ж.аралығында «Лингвистика, жалпы психолингвистика, билингвистика» мамандығы бойынша докторантурада (PhD) оқыды. Докторантурадағы оқуымен қатар Жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушысы жұмысын атқарды. 2010 ж. қаңтар-наурыз және сол жылдың тамыз-қазан айларында Амстердам фонетикалық зерттеулер институтында (Голландия) ғылыми тағылымдамадан өтті. Амстердам фонетикалық зерттеулер институтында шетелдік ғылыми кеңесшісінің жетекшілігімен диссертациялық жұмыстың теориялық және практикалық бөлімдерін жазды, сонымен қатар ғылыми семинарларға қатысып, баяндама жасады. 2010 ж. Ресей ғылым академиясы В.В. Виноградов атындағы орыс тілі институтының ұйымдастыруымен «Фонетика сегодня» атты VI Халықаралық конференцияда баяндама жасап, ғылыми тақырыбы бойынша тезис жариялады. 2011 жылдың қараша айында «Қазақ сөз просодиясының эксперименталды-фонетикалық талдауы» атты диссертациялық жұмысын сәтті қорғады. Р.Ж. Кондыбаеваның 30-дан астам ғылыми мақалалары жарық көрді. Зерттеу бағыты: фонетика, фонология, эксперименталды фонетика және компьютерлік лингвистика. 2015 ж. «Тіл біліміне кіріспен» (авторлар: В.ФРОМКИН, Р. РОДМАН, Н. ХАЙАМС) оқулығын оқу процесіне енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулық" авторы атанды. Қазіргі таңда Түркология және тіл теория кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады, кафедра мен факультеттің ғылыми және тәрбие жұмыстарына белсене қатысады. Оқытушылар мен әріптестер арасында сыйлы, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын маман.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2006 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
11.05.2012 |
0
құжаттар
0